Павлодарлық жылу желілері басшылығы қала тұрғындарын қабылдайды
Азаматтар «Павлодарские тепловые сети» кәсіпорнының басшылығына тікелей сұрақ қойып, ұсыныстары мен өтініштерін жеткізе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғындармен кездесу әр сәрсенбі күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын ала жазылу міндетті.
Жеке қабылдауға 8 (7182) 66-82-43 телефоны арқылы тіркелуге болады.
Қабылдау Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 149 мекенжайында өтеді.
Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері, ұсыныстары мен сұрақтары қаралып, құзырет шегінде қажетті көмек көрсетіледі.