Павлодарда Катаев көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін көлік қозғалысы шектелді
Кәріз коллекторында апат болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, Ломова көшесі бойында Катаев-Н.Назарбаев даңғылы көшелер шекарасында кәріз коллекторында диаметрі 600 мм құбыр доғасы опырылып, салдарынан шұңқыр пайда болды.
Қазіргі уақытта «Павлодар-Водоканал» ЖШС кәріз желілерінің апатты аумағынан ағынды суларды уақытша сорғызу жүргізілуде.
- Кәріздің зақымдануын жою үшін қажетті жөндеу жұмыстары 30 мамырға жоспарлануда. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ломов көшесі бойындағы бағытта Катаев көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін көлік қозғалысы шектелді, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұрайды.