Павлодарда келесі аптада кейбір үйлерде су болмайды

Ысырмаларды ауыстыру және су құбырының апаттық учаскесін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 наурыз күні сағат 3:00-ден 19:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:
- Академик Шөкин көшесі, 42;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 280 (4 және 5 подъезд).
Аталған жұмыстар сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталған. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.