Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысандар жарықсыз қалады

Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 ақпан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Абай көшесі, 121 – «Botaniq» дүкені, 144/1 – Гастро-бар, 166 – «Нұрым» банкет залы, 182 – «Luxe» кілемдерді жуу және тазартуға автоматтандырылған фабрикасы, 188 – «Дизель» автожуу сервисі;
- Луначарский көшесі, 26/1 – «Ертіс-Стандарт» ғылыми-тәжірибелік сараптама және сертификаттау орталығы;
- М. Исиналиев көшесі, 43А – «Шашлычок» жеткізу қызметі;
- Пахомов көшесі, 57/1 – «Tiger food» фастфуд өнімдері киоскі;
- М. Жүсіп – М. Исиналиев – Пахомов – Толстой көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.