Павлодарда киберқылмысқа қарсы бөлім кеңейтіледі
Жыл басынан бері алаяқтар тұрғындардың 100 миллион теңге қаржысын жымқырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл тәртіп сақшылары мыңға жуық интернет-қылмыс фактісін тіркелді. Алаяқтық жағдайлардың көбеюіне байланысты киберқылмыспен күрес бөлімінің штатын кеңейту жоспарлануда. Интернеттегі алаяқтарды анықтау үшін қазірдің өзінде 10 адам оқытылады. Бұл туралы «Достық үйінде» өткен қоғамдық кеңесте полицейлер депутаттарға, ҮЕҰ өкілдеріне және белсенділерге мәлім етті.
– Басқа елдермен бірлесіп, қылмыстарды тергеу бойынша меморандумдар жасалды. 1 желтоқсанда мұндай құжатқа Новосібір облысымен, ал шілде айында Омбы облысымен қол қойылды. Сонымен қатар, Беларусь, Еуроодақ елдерімен келісім бар, – деді криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Сүйіндік Қайырбаев.
Оның сөзінше, киберқылмыстардың тек 15%-ы ғана ашылады. Киберқылмыс бөлімінде 14 адам жұмыс істейді, оның 10-ы тергеумен айналысады. 2025 жылдың ортасына дейін қызметкерлер саны жиырмаға дейін артады.
Сонымен қатар, павлодарлық қоғам қайраткерлері Парламентке алаяқтар жиі қолданатын сим-карталарды сатуды реттеу туралы ұсыныстар енгізуге ниетті. Олар телефон нөмірлерді жеке куәлік бойынша сатып, құжатқа тіркеп қоюды ұсынуда.