Павлодарда сот үкімін орындамаған әйел жауапқа тартылды

Есептегі тұлға үйде мас күйінде сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Есептегі элемент» ЖПШ аясында полицияның бақылауында тұрған 6000-ға жуық адам тұрғылықты жері бойынша тексерілген
– Тексеру кезінде есептегі тұлға үйде мас күйінде болған, осылайша сот белгілеген ерекше талаптарды бұзды. Сот үкімін орындамағаны үшін әйел жауапқа тартылды, материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілген, – деді департаментте.
Екібастұз қаласында пробациялық есепте тұрған адам қоғамдық тәртіпті бұзған, атап айтқанда, темекі тұқылын белгісіз жерге тастаған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылды.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары тексеру нәтижесінде есепке алынатын адамдар тарапынан 108 құқық бұзушылықтың жолын кесті, әкімшілік қадағалауда тұрған 14 адам, 10 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жәнеәкімшілік қадағалауға ресми түрде жататын төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Есептегі элемент» ЖПШ 23 ақпанға дейін жалғасады.