Павлодарда коммуналдық саладағы мәселелерді шешу бойынша қоғамдық қабылдау өтеді

Павлодарда коммуналдық саладағы мәселелерді шешу бойынша  қоғамдық қабылдау өтеді

Қоғамдық қабылдауда әрбір тілек білдіруші коммуналдық салаға қатысты мәселелерді шешу жолдары жайлы ақпарат ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.    

Қоғамдық қабылдау онлайн режимінде 2023 жылғы 4 сәуірде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өтеді.

Сілтемелер:

Facebook - https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562 

Instagram - https://www.instagram.com/dkrem.pvl/ 

Павлодар облысының тұрғындарын белсенді қатысуды сұрайды.

Толығырақ ақпаратты 8(7182)787101, 787102 телефондары арқылы алуға болады.