Екібастұзда жаңа жылу магистралін іске қосу аяқталуда
Жылыту маусымына қатысты сұрақ облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов аптаның соңына дейін қалалардағы оңтайлы температура режимін толығымен ретке келтіруді тапсырды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, Павлодарда бүкіл 1285 көппәтерлі тұрғын үй мен 123 әлеуметтік нысанға жылу берілді.
Аймақ басшысы келесі аптада ауа райы күрт төмендейтінін ескерді. Жиында облыс әкіміне әлі де жылуға қатысты шағымдар түсетін үйлерді атап өтті.
– Жылыту маусымының басында кейбір жерде гидравликалық режимнің жетіспеушілік мәселесі туындап жатқаны қалыпты жағдай. Нақты шағымдар түсіп жатыр. Мысалы, қазір Толстой көшесі, 100, Сибирская көшесі, 89, Кривенко көшесі, 85, Ткачев көшесі, 9 мекенжайлар есіме түсті. Бұл көшелер бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп, үй ішілік желілерге көмектесу қажет, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың сөзінше, аталған көшелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бүгінде Толстой көшесі, 100 және Ткачев көшесі, 9, 17 үйлерде мәселе шешімін тапқан.
Айта кету керек, Екібастұзда ЖМ-7 жаңа магистралін іске қосу жұмыстары аяқталу сатысында. 17 қазанда нысандар жаңа жылу магистраліне қосыла бастайды. 12 әлеуметтік нысанды, 68 көпқабатты үйді және 317 жеке үйге жылу бүгін қайтадан берілетін болады.