Павлодарда КВН чемпионатының жартылай финалы өтеді

Павлодарда КВН чемпионатының жартылай финалы өтеді
Фотосурет «Ертіс» Ресми КВН лигасының «Instagram» парақшасынан алынды

Әзіл-сықақ жастардың тағдыры Павлодардың бас сахнасында шешіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Халықаралық КВН одағының «Ертіс» Ресми КВН лигасының мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 17:00-де «Ertis Promenade» сахнасында еліміздің 8 командасы күш сынасады.

Өңір намысын «Cash-Ю», лиганың 2023 жылғы вице-чемпиондары «Дуэт имени Аймауытова», қала кубогының екі дүркін жеңімпаздары «Гараж лимон», лиганың былтырғы чемпиондары «Мы Ща Выйдем» командалары қорғайды. Одан бөлек тартысты додаға бескөлдік «Чудо дети», ерейментаулық «Сборная ДДТ», қарағандылық «Жаным» және өскемендік «Без потолка» ұжымдары қатысады.