Павлодар ауданында кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы басқармасына шағымданды
Басқарма жауапты кеш қайтарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес өкілдері мен аграршыларды аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Опабеков қабылдады. Кездесуге палатаның Павлодар аудандық филиалының директоры Әкежан Бақытбеков қатысты.
Павлодар ауданында үш шаруа қожалығы құжаттарды рәсімдеу мерзімі бұзылғандықтан, оларға техника құнының 25 пайызы мөлшерінде субсидия алудан бас тартылғаны жайлы мәлімдеді. Өтінімдерді қабылдау 26 мамыр күні аяқталған болса, кәсіпкерлер бұған дейін өтініштерін беріп үлгерген. Ал ведомство жауапты кеш қайтарған.
Тағы бір жағдайда Пресное ауылындағы дүкен иесі зардап шеккен. Сатушының айтуынша, жергілікті инспектор алкоголь өнімдерін сату кезінде заңды бұзғаны туралы әділетсіз хаттама толтырған.
– Бүгін сотта инспектордың заң бұзушылығын анықтадық. Әкімшілік материал тоқтатылды. Осылайша кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Шара қолданылмаса, әйел алкоголь сату лицензиясынан айырылатын еді, – деді Нұрлан Опабеков.
Сонымен қатар, жиналыста Мичурин ауылының кәсіпкері билік шыбын-шіркеймен күресіп жатқанына қарамастан, қансорғыштардың көптігіне шағымданды. Ер адам тіпті, бұл жәндіктерді өлтіру үшін дәрі сатып алуға мәжбүр болған, бірақ ол оның жағдайды өзгертуі екіталай екенін айтады.