Павлодарлықтады мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жария талқылауға қатысуға шақырады

Павлодарлықтады мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жария талқылауға қатысуға шақырады
Фото: Константин Шелков

Аталмыш іс-шара 27 қаңтарда сағат 16.00-де тікелей эфирде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасының мәліметінше, қызмет көсретушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет есебін жария талқылаулар ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасы үш мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер үшін мемлекеттік гранттар беру»;

2) «Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу»;

3) «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру».

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы 23-бабының 6-тармағына сәйкес қызмет көсретушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет есебін жария талқылаулар жыл сайын өткізіледі.

Қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандырады. 

Қоғамдық талқылаулар есеп беру қағидаттарын іске асыруды және қызмет берушілер қызметінің ашықтығын, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін тұрақты түрде жетілдіруге, оны көрсетудің экономикалық және тиімділігін қамтамасыз етеді.