Павлодарлық полицейлер жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады

Павлодарлық полицейлер жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады
Фото: Константин Шелков

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірдің көп бөлігінде жауын-шашынның қарқындылығы артып, температура төмендейді деп күтілуде.  Жаңбыр мен аралас қар жолдағы жағдайды қиындатады. Облыстық полиция департаменті жүргізушілерді жолда қырағы және мұқият болуды сұрайды. 

– Жүргізушілер жылдам  маневр, жылдамдықты  арттыру мен тежегіштер жасамауы керек. Қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдаған жөн. Айналым учаскелерден, жаяу жүргіншілер мен трамвай өткелдерінен аса сақтықпен өту қажет, – деп ескертеді департаментте. 

Полицейлер жаяу жүргіншілерге шағылыстыратын элементтері бар киімді киюге, тротуар немесе жол жиегі бойымен жүруге кеңес береді.