Павлодарда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі таныстырылады

Семинарды «Fortune Partners» компаниясының сарапшылары жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін «2026 жылғы жаңа Салық кодексі: өзгерістерге шолу» атты оқу семинарына 9 қазан күні қатысуға шақырады.
Семинарды тәжірибелі мамандар жүргізеді:
- Дана Токмурзина – «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, заң ғылымдарының кандидаты, М. Нарықбаев атындағы университеттің Салық құқығы мектебінің директоры, Қазақстан Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы;
- Олжас Қасенов – «Fortune Partners» ЖШС Салық департаментінің директоры. Ол Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінде басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Big 4 компанияларында және ірі холдингтерде жұмыс тәжірибесі бар;
- Руслан Садртдинов – Заң қызметтері департаментінің директоры, экология, жер қойнауын пайдалану және дауларды шешу салаларының сарапшысы. Бұған дейін ERG компаниясында заңгерлік сүйемелдеу және консалтингпен айналысқан.
– Семинарда тыңдаушылар салықтық әкімшілендірудегі жаңалықтар, халықаралық салық салу (дивидендтер мен роялти төлемдері), салық салу принциптеріндегі өзгерістер мен ашықтық, салық органдарының актілері мен әрекеттеріне шағымдану тәртібі, камералдық бақылау және тексерулердегі жаңалықтар, мәжбүрлеу және өндіріп алу шаралары, сондай-ақ кассациялық сатыдағы өзгерістер мен тәжірибе (2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген) тақырыптары бойынша ақпарат алады, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Семинар Астана көшесі, 156 мекенжайындағы «Колос» мәдени-демалыс орталығының акт залында өтеді.
Басталуы – 14:00, аяқталуы – 17:00.
Қатысушыларды тіркеу 13:45-тен басталады.
15:35–15:50 аралығында кофе-брейк ұйымдастырылады.
Қатысу үшін QR-код арқылы сілтеме бойынша тіркелуге болады.