Павлодарда көшелердің бірінде су құбыры жарылды

Павлодарда көшелердің бірінде су құбыры жарылды
Фото: Константин Шелков

Коммуналдық апат салдарынан төрт көшенің тұрғындары зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, түнде диаметрі 200 миллиметр су құбырында ақау анықталған. 

– Қазіргі уақытта «Коммунсервис» жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Олар зақымданған жерді қазып, оның қаншалықты зақымдалғанын анықтайды, – деп жазылған хабарламада.

Апат салдарынан төрт көше зақымданды: Достық, Әлсейітов, Жигарев, Цефта. Алайда зақымданған  үйлердің саны белгісіз. 

Қазба жұмыстары кезінде «Коммунсервис» ақау жеке тұрғын үйдің  магистральдік құбырында орын алғанын анықтады. Барлық зақымданған үйге су берілді. Тек апат орын алған жеке тұрғын үй сусыз қалған. Үй иесі апатты өзі жоюы тиіс.