Павлодарда үш жүзге жуық көпбалалы ана төлемақы алды

Павлодарда үш жүзге жуық көпбалалы ана төлемақы алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрдемақы Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналарға (отбасыларға) 18 460 теңге көлемінде біржолғы төлемақы қарастырылған.

– Павлодар қаласы бойынша 277 көпбалалы ана төлемақы  алды. 87182-32-17-28, 32-03-83 телефон нөмірлері бойынша кеңес алуға болады, – дейді бөлімде. 

Айта кетейік, Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік материалдық төлем беріледі. Алайда жәрдемақы бүкіл ел аумағын қамтымайды. Әкімдік «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген батыр аналарға қаржылай құттықтау жолдамақ. Жәрдемақының жиынтығы өңірлердің бюджетіне қарай әртүрлі есептеледі.