Павлодарда мереке күндері қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді
Уақытша өзгеріс онға жуық автобустың жүру бағытына енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, өзгерістер № 1, 1э, 5, 10, 18, 21, 22, 27, 31 автобустарында 3 күнге созылады.
- Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізуге байланысты ағымдағы жылдың 20 наурызында Ак.Сәтбаев және Астана көшелерінде Кривенко және Қайырбаев көшелерінің аралығында автобустардың қозғалысы шектеледі. №1, 1э, 5, 10, 18, 21, 22, 27, 31 автобустардың қозғалысы Кривенко және Қайырбаев көшелерімен өтеді, - делінген хабарламада.
Ал 21-22 наурыз аралығында Ак.Сәтбаев және Астана көшелерінің жабылуына (Естай және Лермонтов көшелерінің аралығында) байланысты автобустардың қозғалысы Естай, Ак. Бектұров және Лермонтов көшелері арқылы өтетін болады.
Мұнда № 18, 27 автобустар Естай көшесімен шығыстан батысқа қарай қозғалғанда Ак.Бектұров көшесіне оңға бұрылады, одан әрі Лермонтов көшесіне солға бұрылып, содан кейін Ак.Сәтбаев көшесіне оңға бұрылады және әрі қарай өз бағыттары бойынша жүреді.
№ 21, 31 автобустар Ак. Сәтбаев көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай қозғалғанда Естай көшесіне оңға бұрылып, одан әрі Ак.Бектұров көшесіне солға бұрылады, кейін Лермонтов көшесіне солға бұрылып, одан кейін оңға бұрылып Ак. Сәтбаев көшесіне шығады және әрі қарай өз бағыттары бойынша жүреді.
№10, 22 автобустар Ак. Сәтбаев көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай қозғалғанда Естай көшесіне оңға бұрылып, одан әрі Ак.Бектұров көшесіне солға бұрылады, кейін оңға бұрылып Торайғыров көшесіне шығады және әрі қарай өз бағыттары бойынша жүреді.