Павлодарда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінімдер қабылдануда
Өтінімдерді 15 мамырға дейін беруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жоба үйлестірушісі Жұлдыз Малдыбаеваның айтуынша, байқауға қатысу үшін Павлодар қаласының және оның ауылдық елді-мекендерінің аумағында тұратын, үлкен отбасының бірнеше ұрпағы болып табылатын, оның ішінде спорттан, өнерден, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар отбасылы жұптар шақырылады.
– Байқауға бұрын сотталған, ел аумағында қызметі шектеулі ұйымдарға кіретін немесе кірген отбасылардың өкілдері және де «Мерейлі отбасы» облыстық, республикалық байқауларының өткен жылғы лауреаттары қатыса алмайды, – дейді Жұлдыз Малдыбаева.
Конкурска қатысуға өтінімді, отбасылық бейнеролик-презентациясын, фотоальбом және қажетті құжаттарды 15 мамырға дейін kenzhekol_zhastary@mail.ru электронды поштасына, сонымен қатар Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 мекенжайында, 211 кабинетте орналасқан ішкі саясат бөліміне тапсыруға болады.