Павлодарлық құтқарушылар көктемгі кезеңде мұзға шығудан бас тартуға шақырады

Мұздың беті мықты болып көрінсе де, адамның салмағына төтеп бере алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТЖД қызметкерлері тұрғындарды көктемгі кезеңде мұзға шығудан бас тартуға шақырады.
Мұзға шығу өте қауіпті және қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Күннің жылуымен мұздың қабаты жұқа бола түседі, беті мықты болып көрінсе де, адамның салмағына төтеп бере алмайды.
Балықшылардың абайсыздығы әдетте қиын жағдайлар тудырады.
– Мәселен, 5 сәуірде сағат 14.13-те Сабындыкөл көлінде 1956 жылы туған ауыл тұрғыны мұз астына түсіп кетті. Бей-жай қарамайтын куәгердің жедел әрекетінің арқасында адам қайғылы жағдайдан құтыла алды. Өз өміріңізге және басқалардың өміріне қауіп төндірмеңіз! – дейді департаментте.
Құтқарылған балықшы өз өмірін ғана емес, оған көмектесуге келгендердің өмірін де қатерге тігеді. Мұндай жағдайлар арнайы дайындығы мен құтқару құралдары жоқ кездейсоқ куәгерлер үшін өте қауіпті.
ТЖД осы кезеңде мұзға шығу қаупі туралы қатаң ескертеді.