Павлодарда мысықты құтқармақ болған жігіттің өзі құтқарылды

Жедел-құтқару жасағы арнайы құралдармен жігітті аман-есен жерге түсірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, павлодарлық құтқарушылар Торайғыров көшесіне шақыртылды. Жас жігіт мияулап жатқан кішкентай мысықты ағаштан түсірмек болып жоғары көтерілген, алайда кейін өздігінен түсе алмай қалған.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келіп, арнайы жабдықты пайдалана отырып, жігітті жерге түсірді. Оқиға жарақатсыз аяқталды.