Павлодарда қатты желдің салдарынан орталық алаңда шырша құлады

Павлодарда қатты желдің салдарынан орталық алаңда шырша құлады
Фото: Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі

Ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына қала әкімі шықты. 

Қазіргі уақытта шыршаны бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы жаңажылдық шыршаны жаңартқан болатын. Оның биіктігі – 30 метр, ал салмағы – 28 тонна.

Айта кету керек, ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

Казгидрометтің мәліметінше, 10 қаңтарда желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с құрайды. 11 қаңтарда түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.