Павлодарда Назарбаев даңғылындағы үйлерде су уақытша өшіріледі

Павлодарда Назарбаев даңғылындағы үйлерде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңадан салынған су құбырын іске қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Назарбаев даңғылындағы 93, 95, 95/1, 95/2, 97, 97/1, 99, 99А және 99/1-үйлерде, сондай-ақ №104 балабақшада ауыз су беру уақытша шектеледі.

Қала тұрғындарына қажетті мөлшерде суды алдын ала жинақтап алу ұсынылады.