Павлодар облыстық кітапхана қызметкерлерінің біліктілігі жоғарылады

Павлодар облыстық кітапхана қызметкерлерінің біліктілігі жоғарылады

Базалық кәсіптік кітапханалық білімі жоқ облыстық кітапхана кітапханашылары оқытылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың оқу залының бөлім басшысы Сәуле Жанкаринова кітап қорымен жұмысты ұйымдастыру, қалыптастыру, орналастыру, пайдалану және сақтау туралы айтып берді. 

- Кітапхана қорларын ашудың, үздік құжаттарды насихаттаудың және пайдаланушыларды жаңа түсімдер туралы хабардар етудің дәстүрлі және кең таралған әдістерінің бірі - кітапханаларда көрмелер өткізу болып табылады. Кітап көрмесінің дұрыс дизайнының маңыздылығы, толықтығы және сапалы мазмұнға қойылатын негізгі талаптар, кітаптың мазмұнын мүмкіндігінше жарқын және бейнелі түрде ұсыну туралы, оның құндылығы жайлы негізгі кітап сақтау бөлімінің басшысы Марина Гончарова айтты, - деді облыстық кітапханада. 

Әдіскер Тәттігүл Әлкенова облыстық кітапхана қорынан кәсіби мерзімді басылымның жаңалықтарына библиографиялық шолу жасап, кітапханашыларды «Кітап және Кітапхана», «Современная библиотека», «Кітап патшалығы» кәсіби журналдарында және «Мысль» қоғамдық-саяси журналында жарияланған өзекті тақырыптар мен мақалалармен таныстырды.

Фото: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана