Павлодарда отандық тауарлардың бағасы төмендейді

Павлодарда отандық тауарлардың бағасы төмендейді
Фото: Константин Шелков

Қазақстандық өнімдер нарықтан бес немесе пайызға төмен сатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһарда 30 қазанға дейін «Береке Fest» акциясы өтеді. Оның аясында, тауарлар жеткізушілермен келісілген шарттардың және жергілікті әкімдіктердің қолдауының арқасында нарықтық бағадан төмендетілген бағамен сатылатын болады.

– Отандық тауарларға бағаны уақытша төмендету есебінен халыққа баға жүктемесін қолайлы етіп, жергілікті өнімді тұтынуды арттыру мақсатын көздеп отыр. Сонымен қатар, өндірушілер мен сауда желілері арасындағы байланысты нығайту, – деді сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары.

Бастамаға қаланың ірі сауда желілері қатысады. Олардың арасында Inmart, Small, Greenwich және «Ваш» дүкендері бар.

Сөрелер мен жарнамалық материалдар акцияның бірыңғай стилінде безендіріледі. Шара күн сайын бір ай бойы өтеді.