Павлодарлық тәртіп сақшылары ақ халаттыларға алаяқтарға «қарсы тұруды» үйретті

Павлодарлық тәртіп сақшылары ақ халаттыларға алаяқтарға «қарсы тұруды» үйретті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Киберполицейлер облыстық балалар ауруханасына барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаментінің киберқылмыстарды тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Ренат Ахметзянов қатысушыларға алаяқтықтың түрлері, қаскүнемдер азаматтардың ақшалай қаражатын иемдену тәсілдері мен амалдары туралы айтып берді.

– Белгілі болғандай, қатысушылардың көпшілігі бір кездері күмәнді SMS немесе ұқсас сипаттағы қоңыраулар алған. Олар өз өмірлеріндегі осындай жағдайлармен бөлісті және ондай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес сұрады. Телефон арқылы алаяқтыққа байланысты банктік карталарға және оларда көрсетілген мәліметтерге, әртүрлі кодтарға қатысты жағдайлар адамдар арасында ерекше қызығушылық тудырды, – дейді Ренат Ахметзянов.

Тәртіп сақшысы ешкімге банктік картаның ПИН-кодын, картаның артқы жағында орналасқан деректерді (CVV қауіпсіздік коды) хабарлауға немесе SMS-ке келетін кодтарды жіберуге болмайтынын ескертті. Кездесу барысында бейтаныс адамдармен қарым-қатынас та қозғалды. 

Полиция қызметкері жиналғандарға есікті ашып, пәтерлеріне белгісіз адамдарды кіргізуге болмайтынын, арбаушылардың арзан тауарларына, ғажайып құрылғыларына сенуге болмайтынын еске салды. 

Іс-шара соңында Ренат Ахметзянов аурухана қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді, қарапайым ережелермен жадынамалар таратты.