Павлодарда ПМХЗ-ға апаратын жолда қозғалыс 12 сағатқа шектеледі
Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 3 қазанда жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін №1 автомобиль жолының №20 автомобиль жолынан бастап Павлодар мұнай-химия зауытына кіреберіске дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.