Екібастұзда және қала маңында суық су өшіріледі

Екібастұзда және қала маңында суық су өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Майқайың су құбырында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, 26 маусым күні сағат 10:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін (шамамен сағат 17:00-ге дейін) келесі мекенжайлар бойынша суық су беру қызметі тоқтатылады:

  • «БАК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • «Майқайыңалтын» кен орны;
  • Ипподром;
  • «Құрылысшы» ауылы;
  • «Қоянды» ауылы;
  • «Майқайың» ауылы.

Сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Баянауыл көшесі, 10 мекенжайы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты келесі мекенжайлар бойынша суық сумен жабдықтау қызметі тоқтатылады:

№20 су сорғы станциясы:

  • №2 емхана;
  • Энергетиктер көшесі, 106, 107, 108, 118, 116/1, 116/2, 116/3, 116/4;
  • М. Мәметова көшесі, 54/1, 54/2, 54/3, 54/4, 78;
  • Торайғыров көшесі, 109, 110, 112/1, 112/2, 114/1, 114/2;
  • Ак. Марденов көшесі, 18, 20.

Жеке меншік секторы:

  • Баянауыл, Ленинград, Жастар, Қостанай, Бейбітшілік, Рассветная, 21-ші шағын аудан, Қудушева, Бөгенбай батыр, Түркістан көшелері толығымен;
  • Беркімбаев көшесі, 134, 138, 140, 142, 144;
  • 1-9 Юго-Западный тұйық көшелері толығымен.