Павлодарда тоғыз автобус жол жүру бағытын өзгертеді

Павлодарда тоғыз автобус жол жүру бағытын өзгертеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Академик Сәтбаев көшесінде асфальттау жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін Кривенко көшесінен Қайырбаев көшесіне дейін Ак. Сәтбаев көшесі жабылады (Кривенко – Ак. Сәтбаев және Қайырбаев – Ак. Сәтбаев көшелерінің қиылыстарының жабылуымен).

Осыған байланысты автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілетін болады.

№ 1, 1э автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Ак. Сәтбаев көшесімен жүру кезінде осы учаскені келесі көшелермен айналып өтетін болады: Естай – Ак. Бектұров – Лермонтов. Сол сияқты кері бағытта.

№ 5, 10, 21, 22, 31 автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Ак. Сәтбаев көшесімен жүріп бара жатқанда осы учаскені келесі көшелермен айналып өтетін болады: Естай – Ак. Бектұров – Лермонтов – Ак. Сәтбаев. Сол сияқты кері бағытта.

№ 18, 27 автобус маршруттары шығыстан батысқа қарай Естай көшесімен жүріп бара жатқанда Ак. Бектұров – Лермонтов көшелерін айналып өтіп, Ак. Сәтбаев көшесіне шығады. Сол сияқты кері бағытта.