Павлодарда подъездегі қан көршілердің зәресін ұшырды
Көрші пәтердің иесі оқиға орын алған үйдің кіреберісіндегі қан іздеріне шағымданған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде Павлодар қаласындағы Сәтбаев көшесі, 47 үйде тұратын әйел адам видео жариялады. Ол көрші пәтерде үнемі айғай-шу, төбелес болатынын, көршілері ішімдік ішетінін баяндады. Сондай-ақ кіреберісте қан іздері жатқанын айтып шағымданған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 4 сәуір күні сағат 19:37-де аталған мекенжай бойынша оқиғаға қатысты хабар түскен.
– Белгілі болғандай, 33 жастағы қала тұрғыны мас күйде кіреберісте тұрған үстелге қолын кесіп алған, – деді департаментте.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, ер адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылған.
Фото: ашық дереккөздерден