Павлодарда Porsche жүргізушісі екі көлікті зақымдады

Павлодарда Porsche жүргізушісі екі көлікті зақымдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көшелердің бірінде үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда Porsche маркалы көлік құралын басқарған жүргізуші Торайғыров көшесімен оңға қарай келе жатқанда бұрылыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбеді. Салдарынан ол Chevrolet маркалы көлігіне тиіп, содан кейін қозғалысын жалғастыра отырып, тұрақта тұрған Kia seltos көлігіне соққы беріп, бордюрге соғылды.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізіледі.