Павлодарлық журналист: Реформа балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді
БАҚ өкілі жаңа реформадағы отбасы, некеге қатысты өзгерісті ерекше атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің журналисі Айдана Қуанышева Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасында бала құқығын қорғау нормалары күшейтілгенін атап өтті.
- Құжатта отбасы институтын нығайту, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және баланың мүддесін қорғауға ерекше мән берілген. Жобаның 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені нақты жазылған. Сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған қамқорлық жасау ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті ретінде айқындалған, - дейді Айдана Қуанышеува.
Сонымен қатар, журналист балалардың құқықтарын қорғау әлеуметтік қолдау көрсету, денсаулығын сақтау, білім мен тәрбие алуына жағдай жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасында өмір сүру құқығына кепілдік беруді қамтитынын атап өтті.
- Конституцияда неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты, мемлекет тіркейтін заңды одағы ретінде бекітіледі. Бұл норма балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді, - деді ол.
Еске сала кетейік, облыста 521 сайлау учаскесі құрылған болса, оның 21-інің қолжетімділігі шектеулі. Қалған 469 учаске пандустармен жабдықталған, 445 учаскеде түрлі тактильді бағыттағыштар орнатылған. Атап өтерлігі,барлық сайлау учаскелері ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан.