Павлодарда психологтар өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша кеңестер береді
Форумда ата-аналар мен педагогтар балаларға көшбасшылық қасиеттерді, эмоционалдық интеллектті және өзіне деген сенімділікті қалай дамытуға болатынын біледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27 қараша сағат 16:30-дан 19:00-ге дейін Жастар орталығында «Альфа ұрпағының көшбасшыларын тәрбиелеу» атты форум өтеді.
– Форумда сіздер Альфа ұрпағының ерекшеліктері мен тәрбиедегі тиімді тәсілдерді біліп, психологтардан, педагогтардан және дәрігерлерден практикалық кеңестер аласыздар. Балалардың технологияларға деген қызығушылығын олардың дамуына қалай дұрыс бағыттау керектігін түсінесіздер. Жасөспірімдердің уәждемесі мен эмоционалдық тұрақтылығын қалай қолдауға болатынын үйренесіздер, – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушыларды сарапшылармен интерактивті дәрістер мен панельдік талқылаулар күтеді. Тақырыптар арасында «Альфа ұрпағының ерекшеліктері мен олардың құндылықтары», «Мотивация және өзін-өзі дамыту», «Эмоционалдық интеллект» секілді өзекті мәселелер қамтылатын болады.
Форумға келушілер ата-аналар комитетінің мүшелері, педагогтар және өскелең ұрпақтың дамуына үлес қосқысы келетін барлығы шақырылады. Іс-шараға қатысу тегін және 16:30-да тіркелу рәсімінен басталады.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7(771)130-32-73.