Павлодарда салауатты өмір салтын насихаттайтын жүгіру жарысы өтеді
Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен сыйлықтар сыйлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы Павлодар қалалық филиалының мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары салауатты өмір салтын насихаттайтын ерекше спорттық шараға шақырылады.
1 қараша күні сағат 11:00-де Усолка шағын ауданындағы шаңғы базасында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүгіру жарысы өтеді.
Барша павлодарлықтар спорт пен сергектікке үндейтін бұл шараға белсенді қатыса алады.