Павлодарда ERTIS AULA FEST аула фестивалі өтеді

Павлодарда ERTIS AULA FEST аула фестивалі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараны облыстық «Жасыл ел» штабы ұйымдастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Фестиваль Қала күніне орай және «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында ұйымдастырылады.

Бағдарламада спорттық көрсетілімдер, сән көрсетілімі, шығармашылық нөмірлер, ойындар, отбасылық эстафета, қол күресі мен гір көтеру жарыстары өтеді. Қатысушыларға сыйлықтар мен естелік тартулар әзірленген.

Іс-шара 24 шілдеде сағат 17:00-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 280 мекенжайында басталады.

Ұйымдастырушылар павлодарлықтар мен қала қонақтарын фестивальге отбасымен келіп, спорттық мерекенің қатысушысы болуға шақырады.