Павлодарлық балуандар Франциядан жүлделі оралды
Халықаралық жарыс Ницца қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, еркін күрестен «Анри Деглан Франция Гран-Приі» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Аталмыш жарыста өнер көрсеткен павлодарлық балуандар жүлделі оралды. Әбдіманап Байгенжеев 92 келі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңде қарсыласына жол беріп, күміс жүлдені қанжығалады. Ал 70 келі салмақ дәрежесінде күрескен Ри фат Сайботалов қола жүлденің иегері атанды.