Павлодарда тұрғын үйлердің лас аумақтары анықталды (ВИДЕО)
Жауапты мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің үй маңындағы аумағын санитарлық тазарту бойынша рейдтік іс-шара өткізді.
– Аралау қорытындысы бойынша «Барс 2008» ЖШС және «Тамерлан плюс» ЖШС қызмет көрсететін ұйымдарға қатысты шаралар қабылданды. Оларға 103 500 теңге (30 АЕК) айыппұл салынды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Шаңырақ» және «Радуга» өнеркәсіптік инженерлік технологиялық компаниялар ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда санитарлық тазарту бағыты бойынша жұмыстар жалғасуда.
Естеріңізге салайық, Ломов көшесі, 179/4 және Орталық өнеркәсіптік аймақ, 233 мекенжайларында орналасқан тұрғын үй аудандарында жер үсті инженерлік құрылысын тиісінше санитарлық талаптарға сай ұстамау фактілері тіркелген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram