Павлодар облысында алимент төлеушілерге бос жұмыс орындар ұсынылады
15 наурызда бос орындар жәрмеңкесі өткізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әділет департаментінің мәлімдеуінше, жәрмеңке алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша және мемлекет алдында борыштары бар азаматтарға арналған.
15 наурыз күні сағат 11:00-де Павлодар облысының аумағында төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі:
- Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48 – «Азаматтарға қызмет көрсету орталығы».
- Екібастұз қаласы, Әуезов көшесі, 147 "Қалалық мәдениет орталығы Өнер”;
- Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 / А – "Ақсу қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ;
- Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Дубова көшесі 3;
- Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Астана көшесі, 52;
- Железин ауданы, Железин ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 59;
- Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97;
- Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 85 а;
- Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 6;
- Май ауданы, Көктөбе ауылы, Әйтеке би көшесі, 14;
- Павлодар ауданы, Новоямышев ауылы, Қонаев көшесі, 10;
- Успен ауданы, Успен ауылы, Милевский көшесі, 65;
- Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Чайко көшесі 39.
Фото: ашық дереккөздерден