Екінші Павлодардағы бірнеше көшедегі тұрғын үйлер жарықтан ажыратылады

Екінші Павлодардағы бірнеше көшедегі тұрғын үйлер жарықтан ажыратылады
Фото Константин Шелков

Электр қуаты кешке дейін болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, жарық 19 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін болмайды.

- Ертең электр желілерінде жөндеу жұмыстарының өткізілуіне байланысты электр энергиясы Нұрмағамбетов көшесі, 134, 134/1, 136/1, Российская көшесі,  134/1, 136, 136/1, 136/2, Заслонов көшесі, 59/1, 59/2, 61, 63, 65, Одесская көшесі, 2 және Алтайская көшесі, 41 мекенжайларында өшіріледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Литвинов - Пензенская - Нұрмағамбетов – Украинская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер мен Запорожская - Нұрмағамбетов - Сибирская – Литвинов

көшелері алаңындағы тұрғын үйлерде де жарық болмайды.