Павлодарлық кәсіпкерлер Түркияда зардап шеккендерге көмек жинауда
Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге көмек жинауды Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жиналған тауарлар әуе көлігімен зардап шеккен аймақтарға жөнелту үшін Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен консулдықтарына жөнелтіледі.
«Кәсіпкерлер Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті ақшалай және ең қажетті тауарлар түрінде өңірлік кәсіпкерлер палаталарына бере алады», - деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі төмендегі медициналық құрал-жабдықтардың шұғыл қажет екенін хабарлады: пациенттердің жағдайын мониторлаушы, зембілдер мен тасымалдауға арналған орындықтар, дефибрилляторлар, ЭКГ, ИВЛ, ультрадыбыстық, анастезия аппараттары, глюкометрлер, небулайзерлер, термометрлер, қан қысымын өлшегіштер, ларингоскоптар және басқа да санитарлық және медициналық құралдар.
Сонымен қатар, шатырлар, ұйықтайтын қаптар, жылытқыштар, қысқы киімдер, термо киімдер, генераторлар, фонарьлар, қуаттағыштар, жылы көрпе қажет.
Азық-түлікке аса қажеттілік жоқ. Қаржылық көмек өте маңызды. Барлық қажетті ақпаратты 1432 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер «Күшіміз бірлікте» қорына қаржылай көмек жібере алады. Сонымен қатар Kaspi қосымшасында «Күшіміз бірлікте» қорына ақша аудару мүмкіндігі бар. Барлық жиналған қаражат Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Елшілігіне жіберіледі.
Павлодар қаласындағы көмек жинау мекенжайы – Луговая көшесі 16, Кәсіпкерлер палатасы, 3-қабат, 312 кабинет – «Атамекен» ӨКП-ның қоймасы.
Байланыс телефондары: Серік Мақсұтұлы Әубәкіров – 8 771 173 43 42, Мүбәрак Жақыпов – 8 777 317 9999, Талғат Исенов – 87077961104.
«Күшіміз бірлік» қоғамдық бірлестігі
БСН 220140002583;
«БанкЦентрКредит» АҚ-ғы есеп айырысу шоты: KZ268562203115072353;
«Банк ЦентрКредит» АҚ мәліметтері:
БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX
БСН/БИН 980741000260
КНП 119