Павлодарда сауда үстемесін көтерген кәсіпкер миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Павлодарда сауда үстемесін көтерген кәсіпкер миллион теңгеден астам айыппұл төледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол құқықбұзушылықты қайта бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев мәлім етті. 

– Ағымдағы жылы кәсіпкер сауда үстемесін көтерген. Ол бір жыл ішінде құқықбұзушылықты қайталағаны үшін жазаланды. Оған 300 АЕК айыппұл салынды. Бүгінгі таңда бұл айыппұл көлемі 1 миллион жүз мың теңгеден астам қаражатты құрайды, – дейді Дәулен Қабдушев. 

Спикердің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл сауда саласында құқықбұзушылықтардың саны арта түскен. Мәселен, биыл 115 кәсіпкер жауапкершілікке тартылса, өткен жылы бұл көрсеткіш 38-ді құраған болатын. 

Ағымдағы жылдың 8 айында Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментімен 1003 өтініш қаралды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 1,6 есеге артты. Өтініштер санының өсуі өз құқықтарын қорғау саласында тұтынушылардың мәдениетін арттырумен байланысты.

Департамент тұтынушылардың 752 өтінішін қанағаттандырды, 144 тұтынушыға түсініктемелер берілді, 81 өтініш құзыреті бойынша қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келіп түскен өтініштерді талдаудан Павлодар облысында бөлшек саудада, электрондық саудада, тұрмыстық қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылады. Бұл салада барлығы 499 өтініш келіп түсті, бұл өтініштердің жалпы санының 49,7 пайызын құрайды. 

Айта кету керек, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша барлығы 48,5 миллион теңгеден астам ақша қайтарылды.