Екібастұзда гидравликалық сынақтардан кейін 200 ақау анықталды
Екібастұзда гидравликалық сынақтардан кейін 200 ақау анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу желілерін беріктік пен тығыздыққа гидравликалық сынаудың төртінші кезеңінің қорытындысы бойынша 203 ақау анықталды. Оның ішінде, магистральдік жылу желілерінде – 30 ақау және орамішілік жылу желілерінде – 173 ақау.
– Бүгінгі таңда 148 ақау – 21 магистральдік және 113 орамішілік жылу желілеріндегі ақаулар жөнделді, – делінген хабарламада.
Ақауларды жедел жою және екібастұздықтарға ыстық суды қосуға байланысты жұмыстар жалғасуда. Қалған 55 ақау жөндеуді қажет етеді. Олардың тоғызы – магистральдік және 46-сы орамішілік жылу желілерінде.