5 маусымда Павлодар облысында дауыл күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сенбіде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай күркірейді, дауыл күтіледі. Сынап бағанасы күндіз +23...+28°C-ты көрсетеді.
Павлодарда да жауын-шашын болады. Ауа температурасы +25...+27 °C-қа дейін көтеріледі.