Баянауыл ауданында екі ауылдық клуб жөндеуден кейін ашылды
Республика күнін ауыл тұрғындары жаңа ғимаратта атап өтетін болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақсан ауылдық округінің Қаражар ауылы мен Қызылтау ауылдық округінің Лекер ауылында мәдени нысандар күрделі жөндеуден өтті.
– Елу орындық Қаражар ауылдық клубының сырты, іші, төбесі, жылу жүйесі, электр желісі, есік, терезелері жаңадан ауыстырылды. Аудандық бюджеттен 35 миллион теңге жұмсалды, – деді Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінде.
Ауылдық клубтың материалдық техникалық базасы нығайтылды. Музыкалық аппаратура, көрермен залына орындықтар, сахна киімі мен жиһаздар алынды.
– Ал алпыс орындық Лекер ауылдық клубында да төбесі, жылу жүйесі ауыстырылып, сыртқы қасбеті қалпына келтірілді. Жаңадан есіктер мен терезелер қойылып, электр желісі ауыстырылды, – деп атап өтті ішкі саясат бөлімінде.
Лекер ауылдық клубын күрделі жөңдеуге аудандық бюджеттен 43 миллион теңге қаражат жұмсалған.