Павлодарда шахматтан «Pavlodar Open» халықаралық турнирі басталды

Павлодарда шахматтан «Pavlodar Open» халықаралық турнирі басталды
Фото: Константин Шелков

Оған облыс әкімі Асайын Байханов қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шахматпен Ертіс-Баян өңірінде 30 мыңнан астам адам айналысады.

«Pavlodar Open» - 2023» Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Нидерланды, Австралия, Үндістан, Израиль, Әзірбайжан, Тәжікстан және Бангладештен келген 230 қатысушының басын қосты. Оның ішінде 64 халықаралық деңгейдегі спортшылар мен гроссмейстерлер бар.

Өңір басшысы «Qatar Masters Open» халықаралық турнирінде сенсациялық жеңіске жеткен Әлішер Сүлейменов; екі дүркін олимпиада чемпионы және Еуропа чемпионы – Александр Моисеенко, Нидерланды мен Еуропаның үш дүркін чемпионы – Сергей Тивяков және Үндістанның қола жүлдегері - Сетураман сынды шахматшылардың аталмыш турнирге қатысуы үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Асайын Байханов барлық қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтап, мазмұнды партиялар, жоғары жетістіктер және жеңіс тіледі.