Семей театрының актерлары Павлодарға гастрольдік сапармен келді

Семей театрының актерлары Павлодарға гастрольдік сапармен келді

Ал Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры Семей және Өскемен қалаларына гастрольдік іссапармен аттанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық театр Семей халқына Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ақынның «Ұждан» қойылымын ұсынады. Сонымен қатар, өнер иелерінің балаларға да  арналған базарлықтары бар. 

– Шәкәрім мен Абайдың еліне келгеннен соң осы қойылымды көрсетуді міндет санадық. Балаларды да ескерусіз қалдырған жоқпыз. Оларға арнап «Алладин» қойылымын  дайындадық. Бұдан бөлек, көрерменнің көзайымы болған «Алғашық махаббат» қойылымын да ала келдік. Әр қалада екі күннен өнер көрсетеміз, – дейді Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының көркемдік жетекшісі Әділет Ақанов

Аймауытов театрының актерлары көрші облыстарда өнер көрсетіп жатқан  кезеңде семейлік театр өкілдері Павлодардың сахна төрінде өз туындыларын ұсынады. Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры  25 сәуір күні сағат 11:00-де және сағат 13:00-де «Жақсылық пен жамандық» ертегісін, кешкі сағат 18:30-да «Сотанайдың соңғы үйленуі» комедиясын және 26 сәуір күні сағат 11:00-де және сағат 13:00-де «Жақсылық пен жамандық» ертегісін, кешкі сағат 18:30-да «Әйел махаббаты» мелодрамасын көрсетеді. Сондай-ақ жуық арада Өскемен қаласының актерлары да келетін болады.

27 сәуір күні сағат 11.00, 12.00, 13,00-де Э.Быстрицкая «Кішкентай бақаның үлкен оқиғасы» қуыршақ ертегісі, 27 сәуір күні 18.30-да А.Дәулетұлы «Өмір – өзен» музыкалық қойылымы көрсетіледі. 

Павлодарлық театр өкілдері сәуірдің 25-26 күндері Семей қаласында, 27-28 күндері Өскемен қаласында өнер көрсетеді. 

27 сәуір күні сағат 11.00, 12.00. 13.00-де Э. Быстрицкая «Кішкентай бақаның үлкен оқиғасы, қуыршақ ертегісі», 27 сәуір күні сағат 18.30-да Дәулетұлы, «Өмір – өзен» музыкалық қойылымын ұсынады. 

Мақсат Көлтайұлы