Павлодар Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше шырша кешін өткізді

Павлодар Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше шырша кешін өткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл – мерейтойлық оныншы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуында ауытқуы бар балалар үшін мерекелік шара ұйымдастырды. «Достық үйіндегі» ертеңгілікте  балаларға арналған ертегінің қойылымы ұсынылды. 

– Жаңа жыл қарсаңында дәстүр бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық төрағалары мен мүшелері әлеуметтік осал топтағы балаларға арналған шырша өткізеді,– деді «Беларусь» мәдени орталығының төрағасы Любовь Богнат. – Біз кішкентай қонақтар үшін қуаныш сыйлау үшін жиналамыз. 

Аяз ата мен Ақшақар балаларды ойнатып, шыршаны айналып, бірге ән шырқады. Бүлдіршіндер Аяз атамен өз армандары мен жоспарлары жайлы бөлісті. 

– Менің қызым үйден білім алуда. Жаңа жылдық мереке көңілімізден шықты. Қызым үшін басқа балалармен араласуға мүмкіндік туды. Керемет деңгейде өткізілген ертеңгілік үшін Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен алғыс, – дейді мерекеге келген баланың анасы Бақыт Ахметова. 

Мерекенің ұйымдастырушылары жүз баланың әрқайсысына тәтті сыйлықтар таратты. Этномәдени бірлестіктердің төрағалары денсаулық жағдайы бойынша мерекеге келе алмаған тағы 34 баланың үйіне сыйлықтар жеткізеді.