Павлодарда сотталғандар ойындар арқылы өмірге деген көзқарастарын өзгертуде
Іс-шара қатысушылардың стратегиялық ойлау мен шыдамдылығын дамытуға маңызды қадам болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ҚАЖ департаментінің №45 мекемесінде экстремизм мен терроризм үшін сотталғандар үшін «Тоғызқұмалақ» казақ ойыны ұйымдастырылды.
– «Тоғызқұмалақ» – терең мазмұны бар, ойланып жоспарлауды қажет ететін ежелгі казақ ойыны. Ойын барысында сотталғандар тек интеллектуалдық дағдыларын дамытуға ғана емес, командалық жұмысқа да үйренді, бұл олардың әлеуметтік реабилитациясында маңызды рөл атқарады, – дейді ұйымдастырушылар.
Арнайы мекемеде осындай демалыс формасының сенім мен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
– Ойын ойлау қабілетін арттырумен қатар, өмірге жаңа көзқарастар қалыптастыруға да септігін тигізеді. Біз бұл тәжірибе қатысушыларға жаңа мақсаттармен қалыпты өмірге оралуына көмектеседі деп үміттенеміз, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Іс-шараға қатысушылар белсене қатысып, стратегияларды талқылап, әсерлерімен бөлісті. Атмосфера бәсекелестік пен құрмет рухымен толы болды. Бұл тек көңіл көтеру емес, сотталғандардың өмірге деген көзқарастарын қайта қарауға, өз күштеріне деген сенімділікті арттыруға және позитивті тәжірибе алуға мүмкіндік берді.