Павлодарда соңғы екі жылда алғашқы үшем дүниеге келді

Павлодарда соңғы екі жылда алғашқы үшем дүниеге келді

Ерлі-зайыпты үш сәби дүниеге келеді деп ойламаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

38 жастағы Зарина Мәмбетованың айтуынша, бастапқыда ультрадыбыстық зерттеу екі сәбиді көрсеткен, ал бір аптадан кейін үшіншісі анық көріне бастаған. Олардың үшеуі де – ұлдар.

– 4 желтоқсанда көп балалы отбасыға айналдық, – дейді балалардың анасы. – Әрине, қорқып қалдық, бірақ жүктіліктің басынан аяғына дейін қасымда жақсы адамдар болып, қолдау көрсетті.

Жас ана «Almas Medical Group» ЖШС әйелдер консультациясының меңгерушісі Айжан Мақановаға осындай қиын жүктілікті бақылаудағы кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

– Оның арқасында ешбір қауіп-қатерсіз 34 аптаға жеттік, мен тіпті, соңғы күнге дейін көлік жүргіздім, – дейді әйел. – Кәрім бірінші болып сағат 12:59-да дүниеге келді, оның салмағы – 2020 грамм. Ал 2200 грамм салмағымен 13:00-де Әмір туды, бір минуттан кейін Тахир 1660 грамм болып дүниеге келді. Ұлдардың есімдерін күйеуім қойды. Үйде үлкен ұлымыз, 8 жасар Дәрмен күтіп тұр.

Балалар мерзімінен ерте дүниеге келгендіктен, дәрігерлер кесар тілігін жасаған. Операцияға акушер-гинеколог, неонатологтар, реаниматологтар мамандар тобы қатысты.

Перинаталдық орталықтың директоры Гүлнәр Бұратаеваның айтуынша, сәбилердың салмағы төмен, сондықтан салмақ қосқанда ғана палатадан шығарылады.

– Осы сәбилердің дүниеге келуіне біздің де үлесіміз болғанын мақтан тұтамыз. Астанада босанудды жоспарланған болатын, бірақ жағдай қауырт болып шығып, Зарина бізге келді. Біз бәріміз уайымдадық, сол үшін консилиум ұйымдастырдық. Бәрі ойдағыдай шықты, – деді директор.

Көп балалы ананы облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова құттықтап, гүл шоғымен бірге жаңа туған нәрестелерге арналған төсек-орын, киімдер сыйға тартты.

Биыл перинаталдық орталықта 3700 бала дүниеге келсе, оның 48-і – егіз. Өткен жылы 54 егіз туды.

Фото: Константин Шелков