Павлодардағы емхана Қазақстандағы ең үздіктердің бірі болып танылды

Рейтингте Павлодар үш өңірге ғана жеңілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы 2024 жылға арналған медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалаудың қорытындысын шығарды. Зерттеуге Қазақстанның 20 өңірінен 772 медициналық ұйым, оның ішінде мемлекеттік және жеке меншік мекемелер қатысты.
– Медициналық ұйымдар ғылыми орталықтар, көп бейінді ауруханалар, онкологиялық орталықтар, перзентханалар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары сияқты тоғыз негізгі санатқа бөлінді. Бағалау 14 клиникалық көрсеткіш бойынша, аккредиттеу деректері мен негізделген шағымдардың санын ескере отырып жүргізілді, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
385 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының ішінде Павлодар қаласының №3 емханасы Астана, Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облыстарының медициналық мекемелерінен кейін бесінші орынға ие болды.
Қазақстандағы медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау 2023 жылдан бастап жаңартылған әдістеме бойынша жүргізілуде, бұл медициналық көмек бейінін есепке алуға және мекемелерді өңірлік және республикалық деңгейде салыстыруға мүмкіндік береді.