Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар оны жағаға жеткізді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамызда сағат 13:30-да жедел құтқару жасағының күшімен Усолка өзенінде кезекшілік кезінде жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан асып кеткен әйел құтқарылды.

–  Ол өз күшін есептемей суға бата бастаған. Құтқарушылардың жедел медициналық жәрдем келгенге дейін реанимациялық іс-шаралар жасауының нәтижесінде әйел есін жиды, – дейді департаментте.

ТЖБ қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін құтқарылған әйел азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.