Павлодарда бірқатар мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады

Су бір тәулікке жуық болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, 14 мамыр күні сағат 9:00-ден бастап 15 мамыр сағат 6:00-ге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты төмендегі мекенжайларда ауызсу беру уақытша тоқтатылады:
- Катаев көшесі, 11, 11/1, 11/2, 16 («Қазақтелеком»), 18, 24, 24/1, 28;
- Естай көшесі, 93 (№30 балабақша);
- Назарбаев даңғылы, 75/2.